Триполи университетімен байланыс

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетіне Ливан мемлекеті Триполи университетінің ректоры доктор Рафат әл-Миқати мырза келді.
Қазақ ұлттық университетіне тұңғыш рет келіп отырған университет ректорын шығыстану факультетінің деканы Ем Н.Б. қабылдады.
Кездесу барысында ректор Рафат әл-Миқати өзі басқарып отырған Триполи университетінің құрылымы, факультеттері мен ғылыми орталықтары, білім беру бағыттары мен ғылыми жетістіктері сондай-ақ, шетелдік білім алушылар үшін университет тарапынан ұсынылатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты баяндалды.
Факультет деканы Ем Н.Б. өз кезегінде шығыстану факультетінің қабарығасында оқытылатын шығыс тілдері, ерекшеліктері мен мүмкіндіктері жайлы баяндап, факультеттің тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Рафат әл-Миқати мырза арабтану бөлімінің оқытушы-профессорлары және білім алушыларымен де кездесіп, бөлімдегі араб тілінің оқытылуы, оқулықтар, тіл үйретудің мүмкіндіктері сондай-ақ, білім алушылардың тілдік деңгейлері, болашақ екіжақты ғылым, білім беру салаларындағы алмасулар туралы пікірлесті.
Кездесу соңында факультет деканы ректор мырзаға зор алғысын білдіріп, арнайы сый тарту етті.
Басқа жаңалықтар

