Болашақ жапонтанушылардың халықаралық форумыFarabi University

Болашақ жапонтанушылардың халықаралық форумы

5 желтоқсан, 2024

5 желтоқсан күні Қиыр Шығыс кафедрасына қарасты жапонтану бөлімінің 3 курс студенттері «3rd International Japanology Student Forum» деп аталатын халықаралық онлайн форумға қатысты.

Аталмыш форум Болгарияның София университеті, Түркияның Чанаккале Онсекиз Март университеті, Ресейдің Мәскеу қалалық педагогикалық университеті және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жапон тілін оқитын студенттер арасында биыл үшінші мәрте өткізіліп отыр. Форумды алғаш рет 2022 жылы ресейлік MCU, 2023 жылы болгариялық SU ұйымдастырса, биылғы оқу жылында түркиялық COMU ұйымдастырып, студенттер «Introducing your own culture to the world: What would you chare?» деген тақырыпта жапон тілінде әңгіме өрбітті. Атап айтсақ, KazNU тарапынан жапонтану бөлімінің студенттері Қабыләшімқызы Еркежан, Нұрғали Амина, Нұрқалиев Нұрсұлтан, Орамалова Мөлдір төрт түрлі тақырыпта қазақ мәдениеті жайлы презентация жасап, басқа университет студенттерінің қойған сұрақтарына жауап берді. Жапонтану бөлімінің басқа да 3 курс студенттері өз мәдениетін таныстырған өзге елдің студенттеріне сұрақ қойып, форумның мазмұнды да қызықты өтуіне атсалысты.

Болашақ жапонтанушылар тек Жапонияны, жапонды танып қана қоймай, өз елін, өз мәдениетін де басқаларға жан-жақты таныстыра алатындай болуы қажет. Осы тұрғыдан да биылғы форум тақырыбы өзекті болса керек.

 

Жапонтану бөлімінің 3 курс эдвайзері,

аға оқытушы Шадаева М.Т.