ТДМ- 4 аясындағы дәріс: «AI in Language Learning and Translation»Farabi University

ТДМ- 4 аясындағы дәріс: «AI in Language Learning and Translation»

7 желтоқсан, 2024

2024 жылдың 3 желтоқсанында Бекова Ж.К., дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы, Digital College-дің 809 аудиториясында 2-курс студенттері алдында қызықты әрі танымды баяндама жасады. Іс-шара Тұрақты Даму Мақсаттары (ТДМ ) 4 «Сапалы білім» аясында өтіп, тілдерді үйрену және аударма саласындағы заманауи технологиялар мен жасанды интеллектінің қолданылуына арналды.

 

Баяндама барысында Бекова Ж.К. келесі негізгі мәселелерді атап өтті:

- Заманауи технологиялардың тілдерді үйрену мен аударма сапасындағы орны

- Машиналық аударма білім беру саласында және аудармашы мамандығының дамуына тигізетін әсері

 

Арнайы назар инновациялық құралдар — онлайн курстар, тіл үйрену қосымшалары және CAT құралдары арқылы аударма үдерісін жеңілдетіп, жылдамдату мәселелеріне арналды.