Педагог-психолог мамандығының басты міндеті – әлемнің гуманитарлық бағыттағы кәсіби келбетін қалыптастыру болып саналады. Ол – жалпыадамзаттық құндылықтардың тасымалдаушысы, өзінің өмірлік және кәсіби мағынасын тауып, жүзеге асыруға және оны өзгелердің жасауына көмектесетін педагог-психологтардың алғышарттарын болжайды. Мұндай маман иесі оқу пәні мен оқушылардың алдында оны ашу тәсілдерімен айналысатын пән оқытушысы ғана емес, сондай-ақ, ол зиялы ғалым, мәдениет бастауларына қайта оралушы философ, білім алушының ішкі сұхбатына белсенді араласып, өз даусын естуге көмектесетін өсиетті сөздің иесі. Білімнің гуманизациялануы мен гуманитаризациялануына, білімді іргелі, терең меңгеруіне бағытталған, кәсіби мамандығына қолайлы әсер ететін, адами мәдениеттегі барлық байлықтарын игеруіне, университеттегі білім берудің оңтайлы кәсіби мақсаты – болашақ маманнан жан-жақты тұлға қалыптастыру. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аясындағы «Педагог-психолог» мамандарын дайындау барысында оларды іргелі және кәсіби біліміне қарай күнделікті өзгеріске ұшырайтын еңбек нарығының жағдайына және мамандардың кәсіби деңгейінің талаптарына тез бейімделе алатындай етіп іріктеп алады.
Факультеттегі білім беру барысы заманға сай, жаңа әдіснамалық және әдістемелік ұстаным бойынша құрастырылған, оның ішінде «Педагогика және психология» мамандығы да кіреді. Дәлірек айтқанда, оқытушы мен студенттің бірге жұмыс атқаруы, ынтымақтастығы мен серіктестігі; білім беруде икемге келетін, қозғалмалы әдіс-тәсілдерді оқытудың пішіндері, әдістері мен әдістемелері; негізгі зейін студенттің өз еркімен білім алуына, өзін-өзі тәрбиелеп баға беруіне қойылады; жеке білім беру; студенттердің шығармашылық ой қабілеттерін дамытуға арналған білім беру жолдары болып табылады.
Қорытындылай келетін болсақ, «Педагогика және психология» мамандығының бакалавры ҚР білім жүйесіне, яғни, әрқилы оқу тәрбиелік ұйымдары, жалпы білім беретін мектептер, кәсіби мектептер, гимназиялар, лицей, колледждер, интернаттар, балалар үйлері, түзету енгізетін мекемелер; білім беретін әкімшілік органдарда бейімделгенін көрсетеді. Бұл мамандықтың негізгі бағыттары – оқушылар мен студенттер ұжымын ұйымдастыру; оқушының тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуы; қоғаммен және жұмыс берушімен байланысты орнату; оқушыға білім мен тәрбие беру, жаңа педагогикалық технологияларды енгізу, ғылыми-теориялық білімді және кәсіби сапаны жоғарылату, психодиагностикалық жұмыс, психологиялық кеңес, психотерапия, психологиялық түзету, психологиялық профилактика.
П.АБДУЛЛАЕВА, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия және саясаттану факультетінің педагогика және білім беру кафедрасының аға оқытушысы