- Басты бет
- Жаңалықтар
- БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты аясында: «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты аясында: «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

2024 жылдың 28 қараша күні сағат 13:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты аясында: «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті Б.З. Бюжеева ұйымдастырды. Іс-шараға «Аймақтану» мамандығының 1-курс магистранттары мен «Халықаралық қатынастар» мамандығының 1-3 курс студенттері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша ақпарат беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жолдарын талқылау және жастардың бұл мәселені шешудегі рөлін анықтай отырып, студенттерді адал жолмен жүруге, адалдық пен әділдікке тәрбиелеу.
Басқа жаңалықтар

