БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты аясында: «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

11 желтоқсан, 2024

2024 жылдың 28 қараша күні сағат 13:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты аясында: «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті Б.З. Бюжеева ұйымдастырды. Іс-шараға  «Аймақтану» мамандығының 1-курс магистранттары мен «Халықаралық қатынастар» мамандығының 1-3 курс студенттері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша ақпарат беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жолдарын талқылау және жастардың бұл мәселені шешудегі рөлін анықтай отырып, студенттерді адал жолмен жүруге, адалдық пен әділдікке тәрбиелеу.