Хабар ТВ

14 желтоқсан, 2015

Жас ғалымдар үйі пайдалануға берілді

Елімізде оқимын, ғылыммен айналысамын дейтін жастарға барынша жағдай жасалуда. Оған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мысал бола алады. Білім шаңырағы жас ғалымдарға арнап қызметтік баспана бой көтерді. Ғалымдар үйі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бой көтерген. Жас отбасы Жандос пен Назгүл – ғылым жолына түскен талапты жандар. Екеуі де осы ұлттық университеттің тарих және саясаттану ғылымдарының докторанттары. Биыл жас ғалымдар үйіне қоныстанған отбасы «Енді алтын уақытымызды пәтер іздеуге емес, алаңсыз ғылыммен шұғылдануға жұмсайтын болдық», – деп қуанып отыр. Назгүл Құдайбергенова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты: "Жас ғалымдарға осындай қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл – ғылыммен айналысуға үлкен жағдай, үлкен көмек. Бұл жерде бізге тұруға және ғылыммен айналысуға көп жағдай бар",-деді.

Мемлекеттік және жекеменшік серіктестігі бағдарламасы аясында салынған Жас ғалымдар үйі – тың жоба. Бұл – бизнестің білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі. Қазір мұнда үш жүзге жуық жас тұрып жатыр. Іші жайлы. Тегін ғаламтор, медициналық бөлме мен асханасы да бар.

Мұхамбетқали Бүркітбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры: "Біздің Президентіміз өзінің халыққа Жолдауында «Мемлекеттік және жекеменшік серіктестік арқылы инвестиция тартуға шақырып еді. Біз өзіміздің университетімізде осыны бірнеше жыл пайдаланып жүрміз. Жас ғалымдар үйінде өзіміздің магистранттар, докторанттар және шетел университетінен келгендер мен профессорлар тұрады".

Жалпы аталған білім шаңырағында бүгінде 300 магистрант, 400 докторант оқиды. Жас ғалымдар үйінде тек білімі озық, ғылыми жетістіктері бар жастар ғана тұруға мүмкіндігі бар. Баспана оқу мерзімі аяқталғанша ғана беріледі. Шетелден тәжірибе алмасу мақсатында келіп оқып жатқандар да бар.

Патриция Пацак, магистрант: "Шынымды айтсам, Польшада жас ғалымдар үшін дәл осындай жағдай қарастырылмаған. Мұнда қажеттінің барлығы бар. Мен Қазақстанда білім алып жатқаныма ризамын",- деп атап өтті.

Сондай-ақ университетте мемлекеттік және жекеменшік серіктестігі аясында 2,5 млн кітап қоры бар кітапхана ашылған. Бұл да – білімді болуға ұмтылған жастар үшін жасалған жағдай.

Авторлары: Алмас Садуақас, Валентин Лобанов

Ақпарат көзі: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/41101-zhas-galymdar-uji-pajdalanuga-berildi

Елімізде оқимын, ғылыммен айналысамын дейтін жастарға барынша жағдай жасалуда. Оған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мысал бола алады. Білім шаңырағы жас ғалымдарға арнап қызметтік баспана бой көтерді. Ғалымдар үйі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бой көтерген. Жас отбасы Жандос пен Назгүл – ғылым жолына түскен талапты жандар. Екеуі де осы ұлттық университеттің тарих және саясаттану ғылымдарының докторанттары. Биыл жас ғалымдар үйіне қоныстанған отбасы «Енді алтын уақытымызды пәтер іздеуге емес, алаңсыз ғылыммен шұғылдануға жұмсайтын болдық», – деп қуанып отыр. Назгүл Құдайбергенова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты -Жас ғалымдарға осындай қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл – ғылыммен айналысуға үлкен жағдай, үлкен көмек. Бұл жерде бізге тұруға және ғылыммен айналысуға көп жағдай бар. Мемлекеттік және жекеменшік серіктестігі бағдарламасы аясында салынған Жас ғалымдар үйі – тың жоба. Бұл – бизнестің білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі. Қазір мұнда үш жүзге жуық жас тұрып жатыр. Іші жайлы. Тегін ғаламтор, медициналық бөлме мен асханасы да бар. Мұхамбетқали Бүркітбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры -Біздің Президентіміз өзінің халыққа Жолдауында «Мемлекеттік және жекеменшік серіктестік арқылы инвестиция тартуға шақырып еді. Біз өзіміздің университетімізде осыны бірнеше жыл пайдаланып жүрміз. Жас ғалымдар үйінде өзіміздің магистранттар, докторанттар және шетел университетінен келгендер мен профессорлар тұрады. Жалпы аталған білім шаңырағында бүгінде 300 магистрант, 400 докторант оқиды. Жас ғалымдар үйінде тек білімі озық, ғылыми жетістіктері бар жастар ғана тұруға мүмкіндігі бар. Баспана оқу мерзімі аяқталғанша ғана беріледі. Шетелден тәжірибе алмасу мақсатында келіп оқып жатқандар да бар. Патриция Пацак, магистрант -Шынымды айтсам, Польшада жас ғалымдар үшін дәл осындай жағдай қарастырылмаған. Мұнда қажеттінің барлығы бар. Мен Қазақстанда білім алып жатқаныма ризамын. Сондай-ақ университетте мемлекеттік және жекеменшік серіктестігі аясында 2,5 млн кітап қоры бар кітапхана ашылған. Бұл да – білімді болуға ұмтылған жастар үшін жасалған жағдай. Авторлары: Алмас Садуақас, Валентин Лобанов

Источник: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/41101-zhas-galymdar-uji-pajdalanuga-berildi
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.khabar.kz