- Басты бет
- Жаңалықтар
- Бабалар антымен келген Қазақ елінің Тәуелсіздігі – ұрпаққа мәңгілік сақтау аманаты
Бабалар антымен келген Қазақ елінің Тәуелсіздігі – ұрпаққа мәңгілік сақтау аманаты
Исова Лаура Тәңірбергенқызы – халықаралық қатынастар және
әлемдік экономика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к.
Қазақстан аумағында тарихта бірнеше дүркіреген мемлекеттер өмір сүріп, ұлан-ғайыр жердің даңқын асқақтатқан дәуірлер келмеске кеткенімен, осынау кеңістікке көз тігіп, сол мемлекеттерді құлата, өздеріне ыңғайлы саяси жүйелерді құрып, биліктерін жүргізген сыртқы күштердің мүддесі әлі де өзгермей келеді. Сол үшін де тәуелсіз елдікке қол жеткізу жолындағы елдіктің қиын-қыстау кезеңдерінің ұзақ күрес жолы аса қымбат. Көрші мемлекеттерге бодан болған халықтың өзіндік дүниетанымдық болмысы да қатты өзгерген. Ұлтқа тән мемлекетке қажетті артықшылықтардың ел бірегейлігінің ерекшелігінде жаңарту да үлкен мәселе.
Халықаралық қатынастардағы жаһандық өзгерістер жағдайында мүмкін болған тәуелсіздік қазақ халқы үшін аса мәртебелі. Мемлекеттің ресурстық потенциалы мен ірі геосаяси кеңістікке ие болып отырған қазіргі әл-ауқаты, қашанда сыртқы әлем назарында. Президент Қ.-Ж. Тоқаевтың жолдауларында тілге тиек етілетін дүниенің турбулентті ақуалында елдікті және кеңістікті сақтап қалу, ішкі және сыртқы саясаттағы тұрақтылықты үнемі бір қалыпта ұстау, тіпті жетекші елдердің мүдделер қайшылығында да «орта держава» әлеуеті ретінде де халықаралық үдерістерге тиянақты араласу қажеттілік.
Ендігі жерде бабалар антымен келген және тарихтың барлық кезеңінде күрескерлікке, жаугерлікке негіз болған ел тәуелсіздігінің күреске, қарсыласуға толы беттерінде жазылған мұрасын бүгінгі ұрпақтың мәңгілікке сақтау аманатына адал болуы ең басты мәселе. Ол үшін осыдан бір ғасыр бұрын, «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» екендігін айтып кеткен, дана, хакім Абай атамыз бен ғұлама Шәкәрімнің бабамыздың «Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа, Қазақ жүр құмарланып құр атаққа...», ақуалының әлі де болса көрініс алған қорқынышынан біржолата арылу қажеттілігі әлі де өзекті екендігін ұмытпау парыз. Қазақ баласы қашанда жаратылыс ғылымдарына аса жүйрік болған. Сондықтан да, бүгінгі технология заманының озық үдерістерінен кеш қалмай, ел игілігіне сай ілгерілі ел құрып, дамудың барлық саласында тұғырлы тәуелсіздік жолында елге қызмет ету басты аманат.