.jpg)
Тыңдаушылар арасында "Кітап – Оқы, Жалында!" атты ерекше шара өтті. Бұл шараның басты мақсаты – кітап оқудың маңыздылығын насихаттау, тыңдаушыларды рухани байлыққа баулу және кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру болды.
Шара барысында:
- Қызықты кітаптар талқыланды;
- Тыңдаушылар өздерінің сүйікті шығармаларымен бөлісті;
- Әркімге шабыт беретін әсерлі дәйексөздер оқылды.
Шараның әр минуты кітап әлемінің кереметін сезінуге мүмкіндік берді. Тыңдаушылар өздерін рухани байытып, жаңа шабытпен оралды.
Кітап оқы, ойыңды ұшта, болашағыңды жарқын ет!