«Дені саудың – жаны сау»Farabi University

«Дені саудың – жаны сау»

17 желтоқсан, 2024

Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ-3) аясында «Дені саудың – жаны сау» қағидасын ұстанған Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының 24-ші топ тыңдаушылары мен куратор-эдвайзері Алматы қаламызда орналасқан ойын-сауық орталығының бірінде орналсқан боулинг клубына алып барды. Боулинг клубында тыңдаушылар «Жас қыран» командасы және «Тұлпар» командасы тобы болса, оларға қарсы команда  «Алғабас» және «Қазақ жігіттері» командасы болып өз ара жарысқа түсті. Төрелік еткен топ куратор-эдвайзері Г.М. Мужигова ойын жарысын қорытынды шешімімен аяқтады. 1-ші айналымда «Жас қыран» командасы «Алғабас» комнадасын 2:3 ұпаймен жеңіске жетсе, ал «Қазақ жігіттері» командасы  «Тұлпар» командасын ойсырата 0:3 ұпаймен жеңіске жетті. Ал 2-ші айналымда есесін жібермеген «Тұлпар» командасы «Қазақ жігіттері» коман дасын 1:4 ұпаймен жеңіп қорытынды есеп теңбе тең болса, ал «Жас қыран» командасы  «Алғабас» комнадасын 4:3 ұпаймен жеңіске жетті.

Тыңдаушылар сабақтан соң, боулинг клубында көңіл- күйлерін көтеріп бір уақыт денеге бір серпіліс алып,  жақсы демалып қайтты.

Мақсат: тыңдаушылар арасында достық қарым-қатынас пен адамгершілік қасиеттерді шыңдау. Салауатты өмір салтын ұстау.