«Еңбек ардагері»Farabi University

«Еңбек ардагері»

26 желтоқсан, 2024

Құрметті  Раушан Амирдинқызы!

Жаңа 2025  жылдың босағасын аттар алдында Үкімет тарапынан  алған Мемлекеттік марапат –  «Еңбек ардагері»  атағыңыз құтты болсын!

Жаңаша даму жолын таңдаған еліміздің  білім беру мен ғылым саласы  өзінің эволюциялық өсу жолында қаншама реформалар мен трансформациядан өтіп келеді. Осы жолда  саланың  тынысын тыңдап, күретамырын дөп басып таба алатын мықты кәсіби мамандар қалыптасып үлгерді. Кәсіби еңбек жолын ғасыр соңында  еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге бастаған Раушан Амирдинқызы Авакованы да  тарихи  заманы тудырған осындай кемел тұлға деп танимыз.  Раушан Амирдинқызының ағартушылық жүріп өткен жолы, ұстаздық мол тәжірибесі, қол жеткізген ғылыми белестері, өзі қалыптастырған кәсіби  кеңістігі, әр өңірде ғылымға қызмет етіп жүрген шәкірттері, жалпы лингвистика, соның ішінде түркітану саласы, қазақ тілінің фразеологиялық  бағытындағы еңбектері - ғалымның  бүгінгі ардагерлік атағына  әкелген, табанды тер төгілген ұзақ та адал қызмет  жолы.  Кәсіби  шыңдалу мектебінің  төріне шыққан   Раушан апайымыздың  салтанатты күнінде  Әл-Фараби атындағы Ұлттық университет  атынан, өзі жетекшілік ететін Түркітану және тіл теориясы кафедрасы ұжымының атынан  құттықтап,  ризашылығымызды білдіреміз!

Қоғамға береріңіз бен еткен еңбегіңіздің бағаланғанын көретін кездеріңіз көп болсын, Раушан Амирдинқызы!