Шығыстану факультетінің оқытушылары ведомстволық наградалармен марапатталдыFarabi University

Шығыстану факультетінің оқытушылары ведомстволық наградалармен марапатталды

25 желтоқсан, 2024

2024 жылдың 25 желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойы аясында білім ордасының оқытушы-профессорлар құрамы ведомстволық наградалармен марапатталды. Олардың ішінде Шығыстану факультетінің де оқытушылары бар. Әріптестеріміз марапатты осы жиынға арнайы келген ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Наталья Жұмаділдаеваның қолынан алды. Мараптталғандар қатарында:

  • Қиыр Шығыс кафедрасының доценты Әмірбекова Үмітай «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен,
  • Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Арзықұлов Аманжан мен Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Боранқұлова Самал «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл марапаттар әріптестеріміздің білім саласындағы жоғары жетістігінің көрсеткіші екені даусыз. Әріптестерімізді еңбектерінің еленуімен құттықай отырып, болашақта да табыстан табысқа жетіп, абыройлары арта берсін деп тілек айтамыз.