Үздіктерге марапаттарFarabi University

Үздіктерге марапаттар

29 желтоқсан, 2024

Жаңа 2025 жыл қарсаңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының меңгерушісін, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Салтанат Алихановна Болегенованы "ЖОО-ның үздік оқытушысы-2024" атағын алуымен және "Құрмет" ордені марапатталуымен құттықтаймыз!

Ғылым жолында қаншама жыл үнсіз ғана еңбек етіп, қаншама шәкірт тәрбиелеп, ондаған ғылым докторларын шығарып, ғылымға өмірін арнап, жүрек қанын сарқып жұмсап келе жатқан Салтанат Әлиханқызы апайымыз “Құрмет” орденімен марапатталыпты және “Жоғары оқу орыныдардың үздік оқытушысы -2024” атағын алыпты.

Еңбегін ешкімге бұлдамайтын, жаһанға жарсалмайтын қарапайым ғалымды тауып алып, еңбегінің бағасын бергендерге риза болдым. Мұндай марапаттар ғалымдардың беделі үшін керегі шамал шығар. Бірақ сол марапатың беделі үшін осындай ғалымдар керек деп Қазырет Бердіхан фейсбук парақшасында жазыпты