Басты мақсат - ел тәуелсіздігін нығайту мен ел экономиксын көтеру.Farabi University

Басты мақсат - ел тәуелсіздігін нығайту мен ел экономиксын көтеру.

3 қаңтар, 2025

Ел президентінің  жыл басында Ана тілі газетіне берген сұқбатында өзінің ел алдындағы басты мақсаты және негізгі міндеті ел экономикасы мен тәуелсіздігін нығайту екенін айқындай келіп, сұқбат барысында елдегі атқарылған және алдағы уақытта атқарылуы тиіс мәселелерге тоқталды.
Ел басы өткен жылы атқарылған қыруар жұмыстарды атап өте келе   әлі де баса назар аударатын ел өмірінде орын алып отырған кейбір келеңсіз жәйттермен ел болып күресу керек екенін және жалпы халық болып жұмыла, ынтымақпен еңбек ету керектігін тағы да өз сұқбатында еске салып өтті. Қазіргідей аумалы-төкпелі жағдайда, халықаралық жағдай біршама күрделеніп  тұрған кезеңде біздің егеменді ел ретінде негізгі мақсатымыз ел тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, экономикалық жағдайымызды көтеру басты нысанда болуы қажет екенін атап өтті. Халықтың әлеуметтік хал-жағдайын көтеру үшін зейнетақы, еңбекақы, балаларға көмек, жәрдем, экологияға көңіл бөлу, су тасқыны,  табиғаттың күтпеген оқыс жағдайларына төтеп, беру сияқты өзекті мәселелерді шешуге тікелей бағыт бағдар берді. Президент ең бастысы елде ішкі және сыртқы саясат мәселелерін дұрыс  шешуге үкіметтен бастап, қарапайым халық үшін заң мен тәртіп қатаң сақталғанда ғана қол жеткізуге болатынын нақты дәйектермен түсіндірді.

Баймуратова И.А.