Президент қойған мақсат тек халықтың қолдауымен ғана жүзеге асады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ана тілі газетінің бас редакторы Ерлан Жүніске берген сұқбаты бойынша
Журналист сұқбатты «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» деген тақырыпта атауына сай еліміздің саяси және әлеуметтік мәселелерінің барлық саласы қамтылған десе болады.
Экономикаға қатысты біраз мәселелер мен үшін күрделі болғандықтан оларды талдауды мамандарға қалдырып, басқа да көпшілікті ойландыратын мәселелерге тоқталсақ.
Президент 2024 жылда елімізде шешімін тапқан жетістіктер тізімінде «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында төлем беріле бастауын, ғылымды қаржыландыру көлемінің арта түсуін, мәдениет саласының қызметкерлеріне қолдау көрсетуді, Ана тіліміз 2024 жылы әлемде ең кең таралған тілдердің арасында 79-шы орынға тұрақтауын атап өтті.
Сонымен қоса «Таза Қазақстан» акциясы қоғамға экологиялық мәдениеттің жаңа талаптарын енгізу идеясынан бастау алғанын және бұл бастамаға барынша жастардың қолдау білдіргенін, Қазақстан азаматтары мұның кезекті бір науқан емес, озық ойлы қоғам қалыптастыру жолындағы идеологиялық платформа екенін түсінді, -дейді.
Президент елімізде «ең бастысы, «Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа алып, ел бірлігін көздің қарашығындай сақтап, әділдік қағидатын барынша орнықтыру қажеттігіне баса назар аударады.
... Сыбайлас жемқорлықпен жүйелі түрде күресу – аса қажетті жұмыс. Бұған еш күмән жоқ. Мемлекет жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық фактілерін анықтау ғана емес, жемқорлықтың алдын алу үшін жұмыс жүргізіп жатыр», - дейді. Сонмен қатар әйелдердің құқығын қорғауға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған, азаматтардың үсті-үстіне несие алып, қарызға батуына жол бермеуді көздейтін заңдар қабылданған.
Президент әсіресе қазіргі кездегі жасөспірімдер тәрбиесіне байланысты да ойларымен бөлісіп өтті: балалар мен жастардың арасында жаппай тарап, нағыз індетке айнала бастаған вейптерді сатушыларды, есірткі өндірушілерді, таратушыларды жазалау бойынша заңдардың күшейтілгенін ескертті. Лудоманиямен күреске қатысты заң күшіне енгенін және онда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасына едәуір шектеу қойылғанын, кәмелетке толмағандарды құмар ойынға тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленгенін айтты.
Алдағы жылдарда қазақ елінің халықаралық аренада экономикалық және әлеуметтік даму жолында басқа елдермен қатар тұратынына Президент нақты негіздемелер берді, сол жолда жасау керек жоспарлармен бөлісті.
Биылғы мемлекеттік іс-шаралардың ішінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы ерекше орын алатынын, соған орай Б.Момышұлының – 115, М.Ғабдуллиннің – 110, Ә.Молдағұлованың 100 жылдығы салтанатты іс-шаралар тізіміне кіретінін атап өтті.
«Менің басты мақсатым – мемлекетіміздің экономикалық әлеуетін, егемендігін және халықаралық аренадағы орнын нығайта түсу» -деп Президент мәлімдеме жасаса, біз де Қазақстанның әр азаматы осы мақсатпен алға жүрейік. Президент қойған мақсат тек халықтың қолдауымен ғана, бірлікте жүзеге асады.
Борбасова Қарлығаш Молдағалиқызы
философия ғылымдарының докторы
Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ
дінтану және мәдениеттану кафедрасы
Басқа жаңалықтар


