
2024 жылғы 13 қарашада «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері кафедраның аға оқытушылары PhD Кенесова З.А. мен Агибаева Л.Э.-ның жетекшілігімен «Фармацевтикалық препараттардың сапасын бақылау» және «Дәрілік заттардың тұрақтылығын бақылау» пәндері аясында «VIVA Pharm» ЖШС өндірістік зауытына барды. Сапар барысында студенттер қазіргі заманғы дәрілік заттардың қалай өндірілетінін; фармацевтикалық өнімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға арналған инновацияларды; өндірістік процестің әр кезеңінде сапаны бақылау қалай жүзеге асырылатынын; әртүрлі жағдайларда препараттардың тұрақтылығын бағалау әдістерін; GMP және ISO сияқты халықаралық стандарттарды қолданудың практикалық аспектілерін талқылады. Бұл сапар студенттерімізді жаңа зерттеулер мен әзірлемелерге шабыттандырып, олардың болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын нығайтты.
Басқа жаңалықтар

