Ғылым болашағына инвестиция

8 қаңтар, 2025

Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық универси­те­тінің 90 жылдығына орай, «Фараби химия ғы­лымы» атты заманауи кластер ашылды. Химия және химиялық техно­ло­гия факультетінде орна­ласқан жаңа ғы­­лыми объектінің құ­рамына тоғыз за­ма­науи зертхана кіреді.

Заманауи зертханалар: хи­мия мен технологияларды дамытуға қосқан үлесі ғы­лы­ми зерттеулер мен инно­ва­ция­лар экономиканың әр­түр­лі са­ла­ла­рын дамытуда және өмір сүру сапасын жақ­сар­туда шешуші рөл атқарады. 

За­ма­науи зертханалар тек жаңа білім көкжиектерін ашып қана қоймай, сонымен қатар әзір­ле­мелердің прак­ти­калық жү­зеге асырылуын қамта­ма­сыз етеді. Қазақ­стан­ның ғы­лыми ме­кемелері базасында жұ­­мыс істейтін жетекші зерт­ха­налардың хи­мияны, техно­ло­гияларды және қоршаған ор­таны қор­ғау­ды дамытуға қо­сатын үлесін атап өтейік.­

1. Аналитикалық химия және қоршаған орта зерт­ха­насы. Бұл зертхананың не­гізгі міндеті – қоршаған ор­та­ны лас­таушы заттарды талдау әдіс­терін әзірлеу және олар­дың әсерін зерттеу. Ғалымдар жаңа әдістерді әзірлеп, олар­дың валидатциясымен айна­лы­сады, сондай-ақ су, ауа және топырақты талдау бо­йын­ша эксперименттер жүр­гі­зеді. Алынған мәліметтер ластану көздерін анықтауға және оларды азайту стра­те­гияларын әзірлеуге көмек­те­седі. Зертхана мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысады және құны 105 млн теңге болатын жабдықтармен қамтылды.

2. Электрохимиялық өн­­ді­ріс технологиялары зерт­­ха­­на­сы. Бұл зертхана ли­тий-ион­ды аккумуля­торлар, су­­­­пер­конденсаторлар және жаңа қаптамалар сияқты элек­трохимиялық процес­тер­ге арналған материалдар мен технологияларды жасауға ма­манданған. Мұнда элек­тро­д­тық процестерді іргелі зерттеулер жүргізіліп, инно­ва­циялық материалдар син­тез­деледі. Құны 454 млн тең­ге болатын жабдықтардың кө­мегімен зертхана энер­ге­тика мен металлургия сала­ла­­рына айтарлықтай үлес қо­сады.

3. Мұнай химиясы зерт­ха­насы. Мұнайды қайта өң­деу саласын зерттеуге бағыт­тал­ған бұл зертхана мұнай не­гізіндегі тауарлық өнім­дер­ді алу технологияларын әзір­лей­ді. Студенттер мен ма­гис­транттарды оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Жабдықтардың салыстырмалы түрде төмен құнына (25 млн теңге) қа­ра­мастан, зертхана маман­дар­ды даярлау мен қолданбалы зерттеулер жүргізуде ма­ңыз­ды рөл атқарады.

4. Химия-медициналық зерт­­хана. Медициналық хи­мия – бұл зертхананың басым бағыттарының бірі. Мұнда эко­логиялық таза анти­бак­те­риалды қаптамалар мен био­­ком­позиттік ма­териал­дар жа­­­­салады. Зерттеушілер ме­­ди­­циналық құралдарды им­­порт­тық баламалармен ал­­мас­тыратын тех­­­ноло­­­гия­ларды әзірлейді. Бұл елдің осы с­а­ладағы тәуелсіздігін арт­ты­руға ықпал етеді. Жаб­дық­тар­дың құны 42 млн тең­гені құ­райды.

5. Органикалық синтез зерт­ханасы. Бұл зертхана био­логиялық белсенділігі бар жаңа органикалық қосылыс­тар­ды синтездеу және зерт­теу­­мен айналысады. Мұнда фар­­мацевтика мен меди­ци­наға арналған болашағы зор препараттар жасалады. Зерт­ха­нада синтез әдістері әзір­ле­ніп, құрылымдық тал­дау жүр­гі­зіледі және қо­сы­лыс­­тар­дың биологиялық бел­сен­ділігі тек­серіледі. Қар­­жыландыру де­­меушілік көмек арқылы жү­зеге асы­ры­лады, ал жаб­дық­тар­дың құны 10 млн теңгені құрайды.

6. Халықаралық қытай-қа­зақ зертханасы. Энерго­эф­фек­тивті нанотехноло­гия­лар­ды, соның ішінде өртке қар­сы қаптамалар мен құ­ры­­лыс ин­дустриясына ар­нал­ған ма­те­риалдарды әзір­леу­ге ма­­­ман­дан­ған зертхана. Құны 15 млн тең­ге болатын бі­регей жаб­дық­тар әртүрлі са­лаларда қол­данылатын тех­но­логия­лар­ды әзірлеуге мүмкіндік бе­реді.

7. Перспективалы ма­те­риал­­дар және техноло­гия­лар зерт­ханасы. Зерт­ха­на арнайы қа­сиеттері бар мате­риал­дар­ды: фотока­та­лити­ка­лық, маг­ниттік және лю­ми­нес­центтік материал­дар­ды жа­­сауға және зерт­теуге ба­ғыт­­талған. Сон­дай-ақ функ­цио­налдық по­­­­­­л­и­­­мер­лер мен өсімдік кон­цен­трат­тарын зерт­­теумен ай­на­лы­сады. Зерт­­­хана 110 млн тең­ге­лік жабдықтармен қам­­та­масыз етілген.

8. Жоғары дәлдіктегі ма­те­риалдарды диаг­ностика­лау зертханасы. «AlemTrade» ЖШС-мен бірлесе отырып жұ­­мыс істейтін зертхана ма­те­риалдардың химиялық және физикалық талдауын жүр­гі­зе­ді. Негізгі назар магис­трант­­тар, докторанттар және ға­лым­дардың зерттеулерін қол­­дауға аударылады. Жаб­дық­тарға салынған инвес­ти­ция көлемі – 200 млн теңге. Бұл жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

9. «Химиялық қаптама­лар­дың инновациялары» ғы­лы­ми-өндірістік ор­та­лы­ғы. Ор­та­лық ерекше қасиет­тері бар қаптамаларды жа­сау және қолдану бойынша ма­ман­­дан­ған. Бұларға тозу­ға төзімділік, ыстыққа төзім­ді­лік және маг­нит­тік сипат­та­ма­лары бар қап­тамалар кіреді. Мұнда тех­нологиялар маши­на жа­сау, аспап жасау және құ­­ры­лыс салаларында қол­да­ныс табу­да. Жабдық­тар­дың құны 40 млн теңгені құрайды.

Сонымен аталған зерт­ха­на­лардың әрқайсысы ғы­лым­ды, өнеркәсіпті және ден­­сау­лық сақтауды да­мы­туда ма­­­­­­­ңызды міндеттерді орын­­дай­ды. Олардың қыз­ме­ті ана­­ли­тикалық химия мен элек­тро­химиялық процес­тер­­ден бастап, медицина мен на­­но­технологияларға де­йін­гі ба­­ғыт­тарды қамтиды. Тео­рия­­­лық зерттеулер мен прак­­­ти­калық шешімдердің си­­нер­гия­сы Қа­зақстанның да­­­муы­на маңызды рөл ат­қа­ра­тын жаңа тех­но­ло­гияларды енгізуді қам­­тамасыз етеді деп үміт­те­не­міз.

Алина ГАЛЕЕВА,

химия және химиялық технология факультетінің деканы

 Ләйла КҮДРЕЕВА,

декан орынбасары