Қазақстандағы студент жастарға мемлекеттік қолдауды арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріFarabi University

Қазақстандағы студент жастарға мемлекеттік қолдауды арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі

14 қаңтар, 2025

Қазақ халқының ұлы ғалымдарының бірі А.Байтұрсынұлы айтқандай : «Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді», – деген қанатты сөзі бүгінгі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін таныстыруымен ұштасатыны байқалады. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатындағы «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі өзінің өзектілігімен, көрегендігімен ерекшелінеді.
 «Келешек» жүйесінің шарттары, жинақталған қаражаттың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталуы туралы сөз болады. Студенттерге арналған жаңа жатақханалар салу, ЖОО студенттері үшін стипендияларды ұлғайту мәселелерді де қамтылады. Студенттердің шәкіртақысын көтеру, жатақхана мәселесінің реттелуі жастардың білім алуға деген құлшынысын арттыратыны да сөзсіз.
Жастардың бүгінгі міндеті – оқу, білім алу. Ал мемлекеттің міндеті – жастардың білім алуға жағдайын жасау. 
Жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды ойдағыдай іске асыру  жұмыстары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде де жалғастырылады деп есептейміз.  

Қазыбек Г.Қ. – ф.ғ.к., доцент