МКМ кафедрасының профессоры Нұрлан Мұханұлы Темірбеков «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2024» байқауының жеңімпазы атандыFarabi University

МКМ кафедрасының профессоры Нұрлан Мұханұлы Темірбеков «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2024» байқауының жеңімпазы атанды

6 желтоқсан, 2024

Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының профессоры Темірбеков Нұрлан Мұханұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2024» құрметті атағына ие болды. Бұл атақ оның кәсіби жетістіктері мен білім беру үдерісіне қосқан үлесін лайықты мойындау болып табылады.

Сонымен қатар, 6 желтоқсан күні Нұрлан Мұханұлы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды, бұл оның ғылыми саладағы жетістіктерін растайды.

Профессор Темірбековтің жетістіктері Тұрақты даму мақсаты 4 – сапалы білім беруді қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз!

МКМ кафедрасының маманы