Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің білім беру бағдарламаларының аккредитациясы өткізілдіFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің білім беру бағдарламаларының аккредитациясы өткізілді

11 желтоқсан, 2024

2024 жылдың 9-10 желтоқсан күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде алты білім беру бағдарламасы бойынша аккредитация өткізілді: «6B05402 Математика», «7M05402 Математика», «8D05401 Математика», «6B07110 Робототехникалық жүйелер», «7M07118 Робототехникалық жүйелер» және «8D06104 Математикалық және компьютерлік модельдеу». Аккредитацияны ACQUIN ұйымының халықаралық аккредитациялық комиссиясы өткізді.

Аккредитация барысында университет, факультет және кафедралар басшылығы, оқытушылар құрамы, студенттер мен түлектер аккредитациялық комиссия мүшелерімен кездесулерге белсене қатысып, білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесінің қалай жүргізілетіні, сапа менеджменті жүйесі, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту процесі, сондай-ақ қазіргі заманғы оқыту әдістері мен білімді бағалау туралы сұрақтарға жауап берді. Бұл комиссияға факультеттегі білім сапасы мен оқу процесі туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік берді.

Аккредитация процесінің маңызды бөлігі ретінде кампус бойынша экскурсиялар ұйымдастырылып, комиссия мүшелері факультеттің бірнеше негізгі нысандарымен танысты. Олардың қатарында деректерді өңдеу орталығы, механика-математика факультетінің арнайы зертханалары, Инженерлік құзыреттер орталығы және инновациялық жобалар жүзеге асырылып, ғылыми зерттеулер жүргізілетін «Робототехника және мехатроника RoboMech» ғылыми-образовательный орталығы болды.

Бұл білім беру бағдарламаларының аккредитациясы Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші мақсаты — «Сапалы білім беру» аясында маңызды рөл атқарады. Сыртқы сапа бағалау процесі университетке білім беру стандарттарын жетілдіруге, сондай-ақ түлектердің кәсіби қызметке қажетті құзыреттерге ие болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Аккредитация білім беру жүйесін дамытуда маңызды мәнге ие, себебі ол ашықтықты, объективтілікті және халықаралық талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етеді. Бұл білім беру процесіне деген сенімділікті арттырып, барлық студенттер үшін тең мүмкіндіктерді туғызады. Халықаралық аккредитацияға қатысу университетке өз бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және әлемнің үздік тәжірибелеріне негізделген дамуға ықпал етеді.