Заманауи ғылымның трендтері талқыландыFarabi University

Заманауи ғылымның трендтері талқыланды

30 қыркүйек, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси­те­тінде VІІ халықаралық Asian Mechanisms and Machine Science (Asian MMS-2024) конференциясы өтті. Сала сарапшылары машиналар туралы зама­науи ғылымның өзекті трен­д­тері мен мәселелерін тал­қылады.

Ауқымды шараны ҚР ҰӘҚ Ғы­лым комитетінің Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және ма­шинатану институты, Қазақстан Республикасының Ұлттық ин­же­нер­лік академиясы мен Әл-Фа­ра­би атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситеті бірлесіп өткізді.

Конференцияның бірінші күні іс-шараға қатысушылар мен қо­нақтар үшін кампус-тур ұйым­дас­тырылды. Олар Әл-Фараби мұ­ражайын, «Қашықтан зондтау тех­­нологиялары және оларды қолдану» Қазақстан – Қытай бір­лес­кен зертханасын, география және табиғатты пайдалану фа­куль­­тетінің 10 жаңа инновациялық зертханасын, дәрілік препарат­тар­ды өндіру цехын, инжиниринг және ғылымды қажетсінетін технологиялар кластерін және кампуста орналасқан басқа да объектілерді аралады. Форумның екінші күнінің пленарлық отыры­сын модератор – т.ғ.д., профессор, Мәскеу Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Респуб­ли­касы ҒЗИ вице-президенті, акаде­мик Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану инс­титутының бас директоры Аман­дық Төлешов ашты. Ол конферен­ция 50 елдің ғалымдары мен ин­­же­­нерлерін біріктіретін IFToMM беделді халықаралық меха­низм­дер мен машиналар ғылымын на­­си­хаттау федерациясының, ха­­лық­­аралық ірі ғылыми қа­уым­дастықтың қолдауымен өтіп жат­қа­нын атап өтті. Тәуелсіз Қазақ­стан IFToMM ұйымына 1991 жыл­­дан бері мүше.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бас­қарма Төрағасы – Ректор Жан­сейіт Түймебаев қатысушыларға құт­тықтау сөз сөйледі. Уни­вер­си­тет басшысы биыл халықаралық QS рейтингінде 163-орынға ие болған зерттеу университетінің құрылғанына 90 жыл толатынын атап өтті. Робототехника саласын белсенді дамыта отырып, уни­вер­ситет заманауи білім беру бағдар­ла­маларын енгізіп, ғылыми-зерт­теу зертханаларын құруда. Ме­­рейтойға орай, ҚазҰУ құра­мын­да 10 зертханасы бар Тұрақты даму және қоршаған ортаны бас­қару ғылыми орталығы ашылды. Химия және химиялық технология факультетінде тоғыз зертханасы бар заманауи Farabi Chem Science кластері құрылды.

Жыл соңына дейін халық­ара­лық және отандық жетекші технологиялық компаниялар орналасатын ҚазҰУ хабын ашу жоспарлануда. Өнеркәсіптік ро­бототехника және робот­тан­дыру саласындағы инженерлік құзыреттілік орталығы жұмыс істейтін болады. Сонымен қа­тар Орталық Азияда теңдесі жоқ суперкомпьютер жет­кі­зі­леді деп күтілуде. Университет «Механика», «Автоматтандыру жүйелері және басқару құрал­дары», «Роботтық жүйелер» және т.б. бағыттар бойынша мамандарды даярлауда.

«Конференцияға АҚШ, Жа­по­ния, Қытай, Үндістан, Тай­вань, Италия, Польша, Гер­ма­ния, Түркия және ТМД елдерінің ғалымдары қатысуда, – деді ректор. – Бұл университетте интеллектуалды және ро­бот­тық жүйелерді одан әрі да­мы­туға және бірлескен ғылыми-зерт­теу жұмыстарын жүргізуге үл­кен мүмкіндіктер ашады».

Экономика ғылымының док­торы, профессор, академик, Тұран университетінің рек­то­ры, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қа­уым­дас­тығының президенті Рах­ман Алшанов қатысушыларды кон­ференцияның ашылуымен және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мерейтойымен құттықтады. Ол сондай-ақ Қазақстан Рес­пуб­ликасы Ұлттық инженерлік ака­демиясының президенті, ака­демик Бақытжан Жұ­ма­ғұловтың құттықтау хатын оқыды.

Қазақстан Республи­касы­ның ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Қазақстан Респуб­ли­ка­сының ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек­тің құттықтау хатын жеткізді. «Asian Mechanisms and Machi­ne Science конференциясын өт­кі­зу ел өмі­рін­дегі маңызды ғы­лы­ми оқиға болып табылады. Қа­зақстанда меха­низмдер мен машиналар және робо­то­тех­ни­ка ғылы­мы­­ның да­муына елеу­лі үлес қо­са­тыны сөзсіз. Біз­дің ға­лым­­да­ры­мыз бен шет­елдік әріп­тес­­теріміздің ма­­шина жа­сау­ды және эко­но­ми­ка­ның ара­лас салаларын да­мытудың прак­тикалық үле­сі­не ықпал ете­тін болады», – деп атап өт­кен ҚР ғылым және жо­ғары білім министрі Саясат Нұрбек конференция қатысу­шы­ларына ғылыми-зерттеу қыз­меті мен жұмысына табыс тіледі.

Пленарлық отырыста Қазақ­стан Республикасы Президен­тінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, IFToMM президенті Андрес Кечкемети, Asian MMS-2024 ғылыми коми­те­тінің тең төрағасы, FToMM құр­метті президенті Марко Чек­карелли және басқалар сөз сөйледі.

Конференция жұмысы «Ме­ха­низм­дер мен машиналар тео­риясындағы тарих және бі­лім», «Механизмдер мен ма­ши­на­ларды жобалау», «Био­ме­ха­ни­ка және медициналық ро­­бо­тотехника» атты секция­лық отырыстар аясында жал­ғас­ты.

Света ӨМІРҒАЛИЕВА