Шетелдіктерге тіл үйретуде қолданылатын жаңаша әдіс-тәсілдерFarabi University

Шетелдіктерге тіл үйретуде қолданылатын жаңаша әдіс-тәсілдер

20 қаңтар, 2025

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы А.С. Айтпаева 2025 жылдың 16 қаңтар күні аталмыш кафедраның профессор-оқытушылар құрамына «Шетелдіктерге тіл үйретуде қолданылатын жаңаша әдіс-тәсілдер» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Спикер қазіргі ақпараттық технологиялар мен олардың мүмкіндігін пайдалана отырып, дәріс жүргізудің оңтайлы әдіс-тәсілдерімен, сонымен қатар ғаламтор желісіне бақылау жұмыстарын жүктеу мен оны жүргізудің жолдарын санамалап көрсетті. Кафедра оқытушылары семинар-тренингтен мол мағлұмат алды деген сенімдеміз.