- Басты бет
- Жаңалықтар
- Академиялық ынтымақтастық және қолжазбалық мұраларды зерттеу: Дилара Айдынның түріктану ғылымын дамытуға және мәдениетаралық диалогты нығайтуға қосқан үлесі
Академиялық ынтымақтастық және қолжазбалық мұраларды зерттеу: Дилара Айдынның түріктану ғылымын дамытуға және мәдениетаралық диалогты нығайтуға қосқан үлесі

Стамбұл университетінің Түркітану институтының ғылыми қызметкері және қолжазбалар жөніндегі жетекші маманы Дилара Айдын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне іс-сапармен келді. Іс-сапар Шығыстану факультетінің Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасы тарапынан ұйымдастырылып, кәсіби өсуді және тәжірибе алмасуды қамтамасыз ететін курстар, тренингтер және кездесулер өткізуге бағытталған. Ол Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасының профессоры, «Жазба ескерткіштер мен рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Зубайда Шадкаммен бірге жұмыс істеп, мол тәжірибе алуда.
Дилара Айдын Қазақстанның құнды қолжазба топтамаларымен жұмыс істеп, оларды тарихи және мәдени зерттеулер контексінде талдайтын болады. Оның сапар бағдарламасы түркі жазуларды оқып жүрген шетелдік студенттер үшін пайдалы, түрік мәдениетін тереңірек зерттеуге және оның жаһандық контексте әсерін түсінуге бағытталған семинарларды қамтиды. Сонымен қатар, ол түркітану саласындағы озық зерттеу әдістерімен бөлісіп, Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени ынтымақтастықтың болашағын талқылайды және түрік тілін оқытуды жетілдіруге арналған жаңа оқу құралдарын ұсынады.
Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасы ұйымдастырған бұл сапар университет үшін академиялық және мәдени диалогты нығайтуға ықпал ететін маңызды оқиға болып табылады.
Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасы
Халел Ағнұр
Дулаева Эльнара Зильпикарқызы
Басқа жаңалықтар

