"Теорияны практикамен ұштастыру"Farabi University

"Теорияны практикамен ұштастыру"

20 қаңтар, 2025

Қаңтар айының 20-сы күні филология факультеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенттері және педагогикалық практика жетекшісі Оспанова Гүлмария Тұрысбекқызының ұйымдастыруымен ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында  "Теорияны практикамен ұштастыру" атты танымдық шара өтті.

Бұл шараның негізгі мақсаты – жоғарғы оқу орнында алған қазақ әдебиетін оқытуға қажетті әдістемелік, педагогикалық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыру. Педагогикалық практика 8 аптаға 20.01.2025ж. – 15.03.2025ж. аралығында өтеді. Педагогикалық практика алдын ала жасалынған келісімшарт негізінде Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған физика-математика лицей-интернатына бардық.

Интернат басшылығы студенттерді жылы жүзбен қарсы алды. Ғ.Д.Хожахметова – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, О.Д.Беспаев – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, А.А.Амиренов – директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары студенттерге мектептің ішкі тәртібі, оқу барысы, тәрбие мәселері жөнінде толық мәлімет берді. Студенттер пән мұғалімдеріне бекітілді. Студенттер интернат оқушыларымен танысып, өздерінің мектептегі кездерін естеріне түсірді.

   Г.Т.Оспанова, PhD,  қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының 

аға оқытушысы