Сессия алдындағы серпілісFarabi University

Сессия алдындағы серпіліс

12 қаңтар, 2025

Тыңдаушылардың сессия алдындағы серпіліс жасауға бой жазып, ми тынықтырып, жанға тыныштық сыйлар бірден бір демалыс ол саяхат жасау бүгін сондай бір саяхаттың кезекті жоспары орындалды. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 11) аясында және табиғатты аялауды насихаттау мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орына дейінгі дайындық кафедрасының куратор-эдвайзерлері шетелдік студенттерге Көктөбенің көркін тамашалауға саяхат ұйымдастырды.  Табиғаты өз алдына бұл өлкеде Тәңір тылсымын сездіретін ауа ағысы, тау самалы ескен кешкі серуен тыңдаушыларға сессия алдындағы серпіліс беріп, Көктөбе тұрған жердің қасиеті және көркем табиғаты, тұнық ауасы жанға шипа, тәнге қуат, көңілге тамаша көңіл күй сыйлады.

Шараның мақсатты: Шетелден келген студенттерге Өлкетануға саяхат жасап,  ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ кереметтерін ғылыми-танымдық және әлеуметтік-мәдени тұрғыдан дамыту және төл тарихымызды, шежірелі жерді жас ұрпаққа насихаттау мен Өлкетануға саяхат жасау арқылы елдегі туризмді дамыту.

Шетелдік студенттерді көркімен тамсандырған осы бір Шаһардың бейнесі,  алақандағыдай көрінетін Көктөбенің көрік ертегі әлеміндегідей әсер қалдырды.