Студенттер үйінде жиналыс өткізілді

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің декан ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі орынбасары Қанат Қарақұлұлы Келдебеков мырза және ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедра меңгерушісі Нұрлыбек Бақытбекұлы Тәуекелов мырза сондай-ақ топ куратор-эдвайзерлері мен тыңдаушылардың қатысуымен №14 студенттер үйінде 1-семестрдің аяқталуына байланысты жиналыс өткізілді.
Жиналыста қаралған мәселелер:
Жатақханада тұру тәртібі;
Жатақханадағы техникалық қауіпсіздігін сақтау;
Қысқы демалысқа кеткенде кіру, шығу визасы жайында ақпараттандыру;
Қысқы демалыстағы жол жүру мен жеке басының қауіпсіздігі;
18 жасқа толмаған яғни кәмелет жасына толмаған тыңдаушылардың жауапты өкілетті адамдарына сенімхатпен шекара асуға заңды түрде растайтын құжатын түгендеу;
Сонымен қатар емтиханға дайындықтары мен үлгерімдері жайында түсіндіру шараларын жүргізді.
Басқа жаңалықтар

