
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Б.М. Айтабева кафедраның профессор-оқытушылар құрамына «Заманауи ақпараттық технологияларды оқу үдерісінде қолдану», филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Г.С. Қойшыбаева «Халықаралық білім беру мен ғылыми бағдарламалардағы ықпалдасу жолдары: мүмкіндіктер мен шақырулар», аға оқытушы А.С. Айтпаева «Педагогикалық құзыреттілікті қалыптастырудағы психологиялық аспектілер» тақырыбында семинар өткізді. Баяндамалар өзекті тақырыпқа арналған. Кафедра оқытушылары осы тақырыптар төңірегінде қазіргі таңда шешімін таба алмай жүрген сұрақтарына жауап ала алды. Мұндай семинарлар кафедрада ұйымдастырып өткізу бұрыннан дәстүрге айналған.
Басқа жаңалықтар

