
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында оқитын Қытай Халық Республикасынан келген шетелдік студенттер ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды мерекелеуге арналған іс-шараға белсенді қатысты. Бұл Қытайда атап өтілетін ең құрметті күндердің бірі екені белгілі. Іс-шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Конфуций институты ұйымдастырды. Біздің студенттер концертке ынтамен қатысып, іс-шараның қонақтары мен ұйымдастырушыларына өз таланттарын паш етті. Конфуций институты мен шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы ұзақ жылдар бойы серіктес әрі әртүрлі бағыттағы іс-шараларды бірлесе өткізеді.
Басқа жаңалықтар

1 сәуір, 2025

31 наурыз, 2025