Педагогикалық практиканың ашылу конференциясыFarabi University

Педагогикалық практиканың ашылу конференциясы

20 қаңтар, 2025

2025 жылдың 20 қаңтарында «Түркітану» мамандығының 1-курс магистранттары мен «Түркітану» және «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 1-курс докторанттары үшін педагогикалық практиканың ашылуы конференциясы болып өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға педагогикалық практиканың маңызы, мақсаттары мен міндеттері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, докторанттар мен магистранттарға практиканы ұйымдастырудың талаптары мен ережелері түсіндіріліп, практикалық қызметті тиімді жүзеге асыруға қажетті әдістемелік нұсқаулар ұсынылды.
Шараға қатысушылар арасында белсенді пікір алмасу өтіп, педагогикалық тәжірибенің әртүрлі аспектілері талқыланды. Мұндай кездесулер жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруға және педагогикалық қызметке деген қызығушылықты оятуға септігін тигізетіні атап өтілді.

Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушылары: Елубаева П.К; Кудьярова Ш.Т; Карбозова Б.Д.