- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 3 – Физика-техникалық факультетінің оқытушы-профессорлық құрамының «Денсаулық» спартакиадасына қатысу нәтижелері
ТДМ 3 – Физика-техникалық факультетінің оқытушы-профессорлық құрамының «Денсаулық» спартакиадасына қатысу нәтижелері

Физика-техникалық факультетінде Ғылыми кеңес барысында «Денсаулық» спартакиадасына қатысқан оқытушылар мен қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Физика-техникалық факультетінің үстел теннисі командасы жүлделі 2-орынға ие болды! Команда капитаны Үтегенов Алмасбек, сондай-ақ Владимир Джунушалиев, Балауса Апыспаева және Маржан Сұлтанғазинаны құттықтаймыз!
Мини-футбол бойынша, команда капитаны – НИИЭТФ директоры Ханиев Бақыт басшылығымен физика-техникалық факультетінің командасы 3-орынға ие болды! Бұл жетістікке жеткен Муратов Мұхит, Ашимов Ескендир, Мейрамбекұлы Нұрсұлтан, Байжұма Жандос және Нодяров Атилханды құттықтаймыз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 16 факультеті арасында Физика-техникалық факультеті жалпы командалық есепте 3-орынға ие болды!
Бұл шара ТДМ 3 – Барлық жастағы адамдар үшін салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және әл-ауқатты нығайту аясында ұйымдастырылды.
Басқа жаңалықтар

