- Басты бет
- Жаңалықтар
- КОРЕЙТАНУ ЖАҢА ДЕҢГЕЙДЕ: ПРОФЕССОР СОН Ю ДЖОНГ KOREA FOUNDATION ҚОЛДАУЫМЕН ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-да ОҚЫТУДЫ БАСТАДЫ
КОРЕЙТАНУ ЖАҢА ДЕҢГЕЙДЕ: ПРОФЕССОР СОН Ю ДЖОНГ KOREA FOUNDATION ҚОЛДАУЫМЕН ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-да ОҚЫТУДЫ БАСТАДЫ

2024 жылдың қазан айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Korea Foundation арасында 2025 жылдың 20 қаңтары мен 2026 жылдың 31 тамызы аралығында Korea Foundation қаржылық қолдауымен шақырылған профессорды Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасына жіберу туралы келісімге қол қойылды. Осы келісім аясында Ханкук Шет тілдер университетінің профессоры Сон Ю Джонг Қиыр Шығыс кафедрасына келіп, 2025 жылдың қаңтар айынан бастап студенттерге дәрістер мен тәжірибелік сабақтар жүргізуді бастады.
Профессор Сон Ю Джонг Қиыр Шығыс кафедрасында корей тілі мен мәдениетін оқытуда мол тәжірибеге ие, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде жоғары біліктілікке ие маман болып табылады. Оның келуі студенттеріміздің білім деңгейін арттырып, университетімізде корейтану саласының дамуына айтарлықтай үлес қосады деп сенеміз.
Профессор Сон Ю Джонг студенттерімізге білім беру жүйесінде жаңа көзқарастар мен әдіс-тәсілдер үйрете отырып, корей университетінің білім жүйесімен таныстыруда. Студенттерге халықаралық стандарттарға сай білім беру үдерісін жетілдіруге көмектесумен қатар, мәдениеттер арасындағы байланысты нығайтуға тырысады. Мұндай оқытушылардың қатысуы білім алушылардың дүниетанымын кеңейтіп, түрлі тілдер мен мәдениеттерге деген қызығушылықтарын арттырады. Шетелдік мамандардың тәжірибесі мен білімі Қазақстанның білім беру саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынына сенімдіміз.
Басқа жаңалықтар

