Шығыстану факультетінде ғылыми-инновациялық қызмет нәтижелері қорытындыландыFarabi University

Шығыстану факультетінде ғылыми-инновациялық қызмет нәтижелері қорытындыланды

30 қаңтар, 2025

2025 жылдың 30 қаңтарында Шығыстану факультеті Ғылыми кеңесінің кеңейтілген мәжілісі аясында ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары, PhD С.Б. Алипованың ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет жөнінде 2024 жылға арналған есебі тыңдалды. Мәжіліс барысында өткен жылдың жұмысы қорытындыланып, болашақтағы негізгі даму бағыттары айқындалды.

С.Б. Алипова факультеттің ғылыми-зерттеу қызметіне талдау жасап, оқытушылардың жарияланымдық белсенділігі, гранттық және халықаралық ғылыми жобаларға, конференцияларға қатысуы жөніндегі жетістіктерін атап өтті.

Ғылыми кеңестің қорытындысы бойынша факультеттің ғылыми қызметін жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және білім беру үдерісіне инновациялық әдістерді енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленді. Бұл бастамалар факультеттің ғылыми әлеуетін одан әрі дамытуға және оның халықаралық білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайтуға ықпал ететін болады.

Шығыстану факультеті ғылыми зерттеулерді дамыту, озық технологияларды енгізу және халықаралық байланыстарды нығайту бойынша өз жұмысын жалғастырады.