- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінде жас ғалымдарға арналған Халықаралық қысқы мектебі өткізілді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінде жас ғалымдарға арналған Халықаралық қысқы мектебі өткізілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінде 2025 жылдың 29-30 қаңтар аралығында Халықаралық қатынастар факультетінің 30 жылдығына арналған «БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі Дүниежүзілік сауда ұйымының қосқан үлесі» атты жас ғалымдарға арналған Халықаралық қысқы мектебі өткізілді.
Қысқы мектептің мақсаты: жас ғалымдардың зерттеушілік дағдыларын жетілдіру, шетел университеттерімен тәжірибе алмасу, халықаралық экономикалық құқық саласындағы ғылыми мектептермен ынтымақтастық орнату.
Қысқы мектеп Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық құқық кафедрасы аясында жұмыс істейтін ДСҰ және Халықаралық сауда құқығы орталығы және Қытай-Қазақстан халықаралық және салыстырмалы құқық біріккен оқу-зерттеу орталығы аясында ұйымдастырылған.
Қысқы мектеп гибридті форматта онлайн және офлайн қатысу арқылы серіктес университет: Харбин технологиялық университетінің қолдауымен өтті.
Іс-шараның модераторы PhD докторы, ДСҰ және Халықаралық сауда құқығы орталығының директоры – Отыншиева А.А. болды.
Қысқы мектепті халықаралық қатынастар факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Сайрамбаева Ж.Т. ашты.
Қысқы мектеп барысында спикерлер қатарына жетекші ғалымдар – халықаралық экономикалық құқық, халықаралық экологиялық құқық, халықаралық жария және жеке құқық саласындағы сарапшылар – Харбин технологиялық университетінің Гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар және құқық факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Чжао Хонгруи; заң ғылымдарының кандидаты, Харбин технологиялық университетінің профессоры Ван Хун Вэй; Харбин технологиялық университетінің доценті Ван Чао; заң ғылымдарының докторы, профессор Айдарбаев С.Ж., халықаралық қатынастар факультетінің деканы, з.ғ.к., доцент Сайрамбаева Ж.Т., халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, доцент Алтаева К.Ж., PhD докторы Баймағамбетова З.М., PhD докторы Нысанбекова Л.Б. және жас ғалымдар – PhD докторы Отыншиева А.А., PhD докторы Байтукаева Д.У. кірді.
Талқылау цифрлық дәуірде ДСҰ құқығын дамыту, сауданы жеңілдету, тұрақты даму және халықаралық сауда құқығы сияқты негізгі тақырыптарды қамтыды.
Харбин технологиялық университетінің және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанттары ғылыми зерттеулерімен таныстырып, тәжірибе алмасып, сарапшы-мамандардың кеңестерін алды.
Гибридтік формат Қытай мен Қазақстанның спикерлері мен қатысушыларына тұрақты әлемдік саудадағы ДСҰ рөлін күшейту, өзекті жаһандық мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істеуге, талқылауға және шешімдерді ұсынуға мүмкіндік беретін динамикалық академиялық пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Халықаралық қысқы мектептің соңында барлық қатысушылар мен спикерлерге сертификаттар табыс етілді.
Қысқы мектептің барлық спикерлеріне, ұйымдастырушыларына және қатысушыларына халықаралық экономикалық құқық саласындағы жаңа жетістіктерді дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз! Біз осы талқылауларды жалғастыруды және сауда және тұрақты даму бойынша болашақ ынтымақтастықты дамытуды асыға күтеміз!
Халықаралық қысқы мектепті ұйымдастырушылар: PhD докторы Баймағамбетова З.М. және PhD докторы Отыншиева А.А.
Басқа жаңалықтар

