.jpg)
2025 жылдың 4 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының 7-топ тыңдаушыларына ТДМ 4 аясында «Менің мақсатым» тақырыбында тренинг өтті. Бұл тренингтің басты мақсаты — қатысушылардың өз мақсаттарын анықтап, оған жету үшін қажетті қадамдарды жоспарлау және жүзеге асыру дағдыларын дамыту.
Тренинг барысында тыңдаушылар өз мақсаттарын нақты әрі айқын қоюдың маңыздылығын түсініп, мақсат қою техникасы мен оны орындау жолдарымен танысты. Әр қатысушы өз өміріндегі маңызды мақсаттарын белгілеуге және оған жету үшін қажетті ресурстар мен стратегияларды анықтауға мүмкіндік алды.
Тренингтің басында қатысушыларға өмірлік мақсаттар мен кәсіби мақсаттардың айырмашылығы, олардың бір-бірімен байланысы жайлы түсіндірме берілді. Келесі кезеңде мақсатқа жетудің тиімді әдістері қарастырылды. Мұнда қатысушылар өздерінің армандары мен жоспарларын шындыққа айналдыру үшін мотивацияны арттыру және кедергілерді жеңу жолдарын үйренді.
Қатысушылар бір-бірімен пікір алмасып, тәжірибелерін бөлісіп, өздерінің жеткен жетістіктері мен қиындықтарын талқылады.
Бұл тренинг қатысушыларға өмірінде жаңа мақсаттар қоюға, олардың артынан жүруге және өз мүмкіндіктерін толықтай пайдалану жолында мотивация табуға зор септігін тигізді.
Басқа жаңалықтар

