«Білім берудегі инновациялық технологиялар»Farabi University

«Білім берудегі инновациялық технологиялар»

6 ақпан, 2025

Қазіргі инновациялық  технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Яғни,тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін,танымдық процестерін, өзін – өзі өзектендіру, бекіту,шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу – танымдық ынтасын жетілдіру,әрі жеке тұлғаны жан – жақты дамытуға жетелейді.
 Осыған байланысты 2025 жыл қаңтар айының 28-ші жұлдызы күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 4) аясында ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының 1 топ тыңдпущыларымен ұйымдастыруымен «Білім берудегі инновациялық технологиялар»  тақырыбында іс-шара өткізілді.
Білім берудегі инновациялық технологияларының алдына қоятын мақсаты-білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыруға дағдыландыру.