Қытай иероглифтерін талдау әдістері және олардың тіл үйренудегі маңызыFarabi University

Қытай иероглифтерін талдау әдістері және олардың тіл үйренудегі маңызы

4 ақпан, 2025

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының аға оқытушысы  Ардақ Қалиолла 2025 жылдың  4 ақпанында «Қытай иероглифтерін талдау әдісі» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Әдістемелік семинар өзекті және маңызды тақырыпқа арналды. Қытай иероглифтерін талдау – олардың құрылымын, мағынасын және дыбыстық ерекшеліктерін зерттеу әдісі баяндалды.     Бұл үдеріс бірнеше тәсілге негізделеді: Графикалық талдау – иероглифтің құрамындағы радикалдар мен қосымша элементтерді анықтау. Этимологиялық зерттеу – иероглифтің тарихи дамуы мен өзгерістерін қарастыру. Фонетикалық талдау – иероглифтің айтылуы мен оның дыбыстық компоненттерін анықтау. Мағыналық талдау – иероглифтің контекстке байланысты мәнін түсіну. Бұл әдіс қытай тілін үйренушілерге жазу жүйесін жақсы меңгеруге және иероглифтердің логикасын түсінуге көмектеседі.
Семинар барысында ұсынылған ұсыныстардың теориялық және практикалық іс-шаралар үшін маңызы зор. Іс-шара пікір алмасу, талқылау және жаңа идеяларды тудыратын маңызды алаңға айналды, бұл оның барлық қатысушылар үшін маңыздылығын растайды.