
Ағымдағы жылдың 6 ақпанында химия және химиялық технология факультетінде физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының ұйымдастыруымен қысқы мектеп өтті. Биылғы қысқы мектептің тақырыбы: «Білім, ғылым және өндірістің интеграциялық өзара іс-қимылы – тұрақты даму жағдайында заманауи қоғам прогресінің факторы».
Білім беру тұрақты дамудың барлық мақсаттарына қол жеткізуді жеделдетуге қабілетті болғандықтан, олардың әрқайсысына қол жеткізу жөніндегі стратегиялардың элементіне айналуға тиіс. Университеттік жоғары білімі бар кәсіби мамандарды даярлау саласындағы білім, ғылым және өндірістің интеграциялық өзара іс-қимылы тұрақты дамудың негізгі факторларының бірі болып табылады.
Зертханалық сабақ – біздің факультетте іске асырылатын барлық білім беру бағдарламаларының міндетті құрамдас бөлігі. Зертханалық сабақтарда студенттер оқытылатын пәннің теориялық негіздерін меңгереді және практикалық іскерліктер мен дағдыларды игереді, сондықтан ЖАОК мен виртуалды зертханалар сияқты білім берудің инновациялық бағдарламаларын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Біздің кафедраның жетекші доценттерінің «Роторлы-дискілі экстракторда экстракция үдерісін зерттеу» виртуалды зертханалық жұмысын әзірлеуі жоғары сапалы маман-технологтарды даярлау саласындағы елеулі үлес болып табылады.
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті Ешова Ж.Т.
Басқа жаңалықтар

