Айқын

26 желтоқсан, 2015
ript>X-NONEript>

ХХІ ғасыр аудармашысы

Жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасыныңда «Easy Way English» клубының жетекшісі А.С. Айтмуханбетованың және «Аударма ісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттердің ұйымдастыруымен «ХХI ғасыр аудармашысы» атты дәстүрлі интеллектуалдық сайыс өтті.

Байқаудың мақсаты студенттердің аударма пәні бойынша жинақтаған білімдерін сараптап бағалау және аудармашы мамандығының қиын да қызық қыр-сырларына 1 курс студенттерінің қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Сайыс клубтың ғылыми жетекшісі Айнур Айтмұханбетованың тәржіма өнері жөніндегі әсерлі сөздерімен басталды. Ол өз сөзінде сапалы аудармашы болу үшін шетел тілін меңгеру өте қажет екендігін, өзінің ана тілінің сөздік қорын, оның қолданылуын, дұрыс жазылуын, яғни екі тілдегі тілдік құбылыстардың нақты негізін білуге міндетті екенін баяндады.

Аталмыш байқауға 1 курс «аударма ісі» мамандығынан қазақ және орыс бөлімдерінің студенттері қатысып, ағылшын тілінен алған білімдерінің терең екендігін көрсетті. Әсіресе, бірінші курс студенттері Имамбаева Динара, Нұрғалиева Венера және Нұрханов Жандарбек сайыс барысында асқан белсенділік көрсетіп, ерекше алғырлықтарымен көзге түсті.

Үш кезеңнен құралған бұл сайыста әділқазылар кеңесінің жалпы ұйғарымы мен ұпай есебінің нәтиежсі бойынша «аударма ісі» мамандығы бойынша 1 курс студенті Имамбаева Динара аударма сайысының жеңімпазы атанып 2 курс студенттерінен «Аудармашылар кубогын» тарту ретінде иеленді.

Бұл байқауға қатысқан және оны ұйымдастыруға атсалысқан студенттеріміз шетел тілдерінен алған білімдерінің терең екендігімен бірге мен шетел тарихы және мәдениетінен де хабардар екендіктерімен де көзге түсті. Әрине осындай байқауларды ұйымдастыруда студенттерімізге керекті нұсқаулар мен кеңестерін беріп, студенттеріміздің білімдерін жоғарылатуда аянбай атсалысып жүрген оқытушыларымызды да ұмытпауымыз керек.

Кеш соңында шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі PhD Данель Қарағойшиева, топ оқытушылары Әліби Әріпов, Сауле Сейденова, кафедра эдвайзері Эльмира Бектұровалар мен «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенті Нұрсұлтан Қызылбек студенттерді дәстүрлі «ХХI ғасыр аудармашысы» сайысы мерекесімен құттықтап, оларға мықты денсаулық, сәтті шығармашылық табыс тілеп ризашылықтарын білдірді. Осындай тәлімді-тәрбиелі іс-шараларға қатысып, еліміздің тарихын, тілін, ділін, салт-дәстүрін, яғни ұлттық руханиятымызды дәріптейтін ақпараттарды ағылшын тіліне аударып, сол тілде таза сөйлеп, әлем елдеріне паш ете алатындай дәрежеде біліммен қарулану керек екенін, сонымен қатар әрбір студенттің кәсіби тұлға, ел үмітін ақтайтын өнегелі азамат болып қалыптасуына осындай сайыстар алғашқы баспалдақтар екенін тілге тиек етті.

Осы секілді интеллектуалдық сайыстар білім алушы жастарымыздың шетел тілдерінен алған білімдерін шыңдап, біліктіліктерін арттырып, ақыл зейіндерінін жан-жақты дамуына үлкен септігін тигізері анық.

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары: Магүлсім Жаңабекова, Әліби Әріпов