Басты мақсат – сапалы білім беруFarabi University

Басты мақсат – сапалы білім беру

10 ақпан, 2025

2025 жылдың басы қазақ тілін оқыту кеңістігі жақсы бір жаңалықпен толықты. Еліміздегі қазақ тілі саласындағы білікті мамандар мен ғалымдар Ж.М.Искакова, Л.М.Демесінова, Н.Ж.Даулеткереева, Г.А.Мұсаева, Ж.К.Сүйінжанова, А.К.Балабеков, А.М.Калиевалардың авторлық бірлестігімен қазақ тілінің базалық деңгейін қамтитын лексикалық минимумы құрастырылып шықты. Авторлық құрамдағы Г.Ә. Мұсаева  біздің, яғни Әл-фараби атындағы ұлттық университетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында ұзақ жылдар қызмет атқарып келе жатқан эксперт маман. Доцент Г. Ә.  Мұсаеваның авторлығымен қазақ тілін шет тіл ретінде оқыту бағытында 10-ға жуық  оқу құралы жарық көрген. Қазіргі уақытта университетте шетелдік тыңдаушылар Г. Мұсаеваның “Қазақ тілі- шет тіл ретінде” атты оқу құралымен оқиды. Оқу құралының жүйесі дұрыс, шетелдіктерге тіл оқыту әдістемесіне негізделіп жасалған

Лексикалық минимум таныстырылуы «Мемлекеттік және ана тілдерін оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу, басып шығару және тарату» жобасының тұсаукесері аясында өтті.   Жобаны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің қолдауымен «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жасады. Таныстырылып отырған лексикалық миниумда А1деңгей бойынша барлығы 690 сөз алынса, ары қарай олардың қатары толықтырылған.

Тұсаукесерге лексикалық миниум құрастырушы 5 автор қатысып, өздерінің баяндамаларын оқыды және тіл мамандары тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Жиында бұл  лексикалық минимум қазақ тілі оқулығын жазуда, оқулықтардың мазмұнын, қамтитын грамматикасы мен лексиксын топтастыруда  аса қажетті бағыт беруші құрал екендігі айтылды.

Тілді сапалы, нәтижелі оқыту, тілдік мәдениет пен ұлттық бірегейлікті сақтауда мұндай оқу құралдарының рөлі ерекше болары сөзсіз.

ф.ғ.к. Г.Ә. Машинбаева