Өзгерістер дәуіріндегі білім беру жүйелеріFarabi University

Өзгерістер дәуіріндегі білім беру жүйелері

5 ақпан, 2025

      Қазіргі жаһандану және технологиялық үдерістер қарқынды жүріп жатқан заманда білім беру жүйесі жаңа талаптарға бейімделуі қажет. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) төртінші тармағы – "Сапалы білім беру" қағидасына сәйкес, білім беру саласындағы өзгерістерді талқылау және жаңа мүмкіндіктерді қарастыру маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осыған орай, студенттердің қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістермен танысып, халықаралық бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында факультет деканының ғылыми инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, доцент м.а. Рысмагамбетова Айна Ақанқызы арнайы шақырылып, маңызды баяндамасымен бөлісті. 

   Айна Ақанқызы студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламалары, студенттермен алмасу, Erasmus+, сондай-ақ өзге шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Ол өз сөзінде университет қабырғасында жүріп, студенттердің халықаралық бағдарламалар арқылы басқа елдерде оқуға мүмкіндік алуы – олардың болашақ кәсіби дағдыларын дамытуға, ғылыми ізденісіне және жаңа мәдениеттермен танысуына үлкен үлес қосатынын атап өтті. 

      Осындай шаралар студенттердің халықаралық білім беру тәжірибесіне қатысуға деген қызығушылығын арттырып, олардың білім деңгейін көтеруге және кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеседі. Өзгерістер дәуірінде сапалы білімге қол жеткізу – әрбір студенттің әлеуетін арттырудың негізгі кепілі.