Ғылым мен білімге қосқан үлес үшін жоғары марапат!Farabi University

Ғылым мен білімге қосқан үлес үшін жоғары марапат!

12 ақпан, 2025

"Киберқауіпсіздік және криптология" кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Мусиралиева Шынар Женисбековна Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін "ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН" төсбелгісімен марапатталды!

Бұл мәртебелі марапат Сіздің білім беру мен ғылыми зерттеулерді дамытудағы жоғары кәсібилігіңізді, жетекшілік қабілетіңізді және ғылымға сіңірген еңбегіңіздің жоғары бағаланғанын көрсетеді. Сіздің ғылыми еңбектеріңіз киберқауіпсіздік пен криптология саласының дамуына зор үлес қосып, жаңа ғылыми бағыттардың қалыптасуына және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықтың нығаюына ықпал етуде.

Құрметті Шынар Женисбековна, "Киберқауіпсіздік және криптология" кафедрасының ұжымы атынан Сізді осы жоғары марапатпен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс және ғылым мен білім саласындағы жаңа жетістіктерді бағындыруды тілейміз!