Саммиттердің халықаралық қатынастардағы рөліFarabi University

Саммиттердің халықаралық қатынастардағы рөлі

13 ақпан, 2025

2024 жылдың 22 қарашасында Халықаралық қатынастар факультетінің 2-курс қазақ бөлімі студенттері арасында «Саммиттердің халықаралық қатынастардағы рөлі» тақырыбында пікірталас өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттердің жаһандық мәселелерді талдау және сыни ойлау қабілеттерін дамыту болды.

Пікірталас барысында жақтаушылар саммиттердің халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды рөлін атап өтіп, G20 және БҰҰ Бас Ассамблеясы сияқты саммиттердің жаһандық мәселелерді шешудегі маңызын ерекше атап көрсетті. Қарсы тарап саммиттердің тиімсіздігі мен формалды сипатын сынға алып, оның орнына аймақтық ынтымақтастықты дамытуды ұсынды.

Талқылау мазмұнды әрі қызықты өтті. Студенттер өзара пікір алмасып, саммиттердің халықаралық қатынастардағы артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты талқылады. Іс-шара болашақ мамандардың ой-өрісін кеңейтіп, олардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге ықпал етті.