Профессор Жаппар Жұманның 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияFarabi University

Профессор Жаппар Жұманның 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция

14 ақпан, 2025

2024 жылдың 06 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде профессор Жаппар Жұманның 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығын мерекелеу аясында өтті.

Профессор Жаппар Жұман – Қазақстанның ғылыми-педагогикалық қоғамдастығына белгілі ғалым-ұстаз, кибернетик экономист, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қ.И. Сәтбаев, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты және академик А.И Бараев атындағы мемлекеттің сыйлықтың алтын медаль иегері. Халықаралық және ұлттық экономика саласындағы маман, экономикалық кибернетика, халықаралық экономикалық қатынастар және білім беру қызметі мәселелері бойынша көптеген жарияланымдарға ие.

Конференция Халықаралық қатынастардың, аймақтанудың, әлемдік экономиканың, халықаралық және ұлттық құқықтың өзара іс-қимылының қазіргі заманғы мәселелерін, сондай-ақ шет тілдері мен дипломатиялық аударманың рөлін талқылау үшін Қазақстан мен шет елдердің ғалымдарын, сарапшылары мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін жинады.

Ұйымдастырушылар іс-шараға белсенді қатысқаны және қолдағаны үшін барлық қатысушыларға, спикерлер мен серіктестерге алғыс білдіреді!