Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры Байзакова Куралай Иртысовна «Farabi Алтын медалі»-мен марапатталдыFarabi University

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры Байзакова Куралай Иртысовна «Farabi Алтын медалі»-мен марапатталды

14 ақпан, 2025

11 ақпан Ғылымдағы  әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне орай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да салтанатты жиын өтіп, университетте табысты еңбек етіп жүрген әйел ғалымдар марапатталды. Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры Байзакова Куралай Иртысовна әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өркендеуі мен дамуына қосқан зор үлесі және ғылым мен жоғары білім саласына сіңірен еңбегі үшін «Farabi Алтын медалі»-мен марапатталды.

Марапаттау рәсімі барысында басқа да бірқатар ғалымдар мен зерттеушілер өз жетістіктері үшін алғыс хаттар мен дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, ғылым саласында қызмет етіп жүрген жас ғалымдардың жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы баяндамалар тыңдалды.

Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні, бұл тек мереке ғана емес, сондай-ақ ғылым мен білім жолында еңбек етіп жүрген әйелдердің маңыздылығын бағалау, олардың жетістіктерін ұлықтау және келешек ұрпаққа үлгі болу күні. Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы барлық ғалым әйелдерді осы күнмен шын жүректен құттықтай отырып, олардың ғылыми ізденістеріне жаңа жетістіктер мен табыстар тілейді.

Ғылымдағы әйелдердің күш-жігері мен ұмтылысы қоғамды дамытуға, жаңа идеялар мен шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді. Біз сіздердің еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз және әрдайым қолдаймыз!