Профессордың ғылыми мұрасына арналған әдістемелік семинарFarabi University

Профессордың ғылыми мұрасына арналған әдістемелік семинар

13 ақпан, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да БҰҰ-ның Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне орай, «Профессор Л.С. Ахметованың ғылыми мұрасы» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының ұйымдастыруымен өткен ғылыми жиынға қоғам қайраткерлері, Қазақстан мен Ресейдің жетекші жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу институттарының белгілі ғалымдары, журналистер, университет оқытушылары мен студенттер қатысты.

Іс-шарада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев профессор Лейла Сейсенбекқызы Ахметованы мерекемен құттықтап, ғылымдағы елеулі еңбегі мен университеттік ғылымды дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Шара барысында «Ғибратты ғұмыр» сериясының профессор Л.Ахметованың шығармашылығына арналған 29-шығарылымының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар «2025 жылғы 9 мамырдағы Жеңіс мерейтойына Отанға тартуымыз» халықаралық мегажобасының есебі тыңдалды. 

Еуразия және Африка халықтары ассамблеясы бас хатшысының орынбасары Валерий Рузин, «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігі төрайымы филология факультетінің деканы, академик Баян Жолдасбекова, ҚазҰУ профессоры, академик Мұхамбетқали Бүркітбаев, Беларусь өкілдерінің, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, Ауғанстан ардагерлер одағының төрағасы Мұрат Әбдішүкіров, «Офицерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, генерал-майор Махмұт Телеғұсов және тағы басқалар сөз сөйлеп, профессор Л.Ахметованың ғылымдағы және қоғамдық саладағы еңбектері мен елеулі істерін атап өтті.

 

Ошанова Орынтай,

ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация

кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор