4 Тұрақты даму мақсаты. "Сапалы білім"

13.02.2025 ж.күні “Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері” мамандығының 1 курс студенттері Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына “Әпке” қойылымына барып қайтты.
«Әпке» ата-анасыз балаларды тәрбиелеудің қиындықтары туралы, өз бақытын басқалардың бақыты үшін құрбан етуге болмайтындығы туралы қойылым.Әр адамның өз жолы бар және бәрі қиын болып көрінсе де, бәрінің бақытқа құқығы бар.
Отбасының тірегі ретінде ер адамның маңыздылығы туралы қорытынды жасалды, өйткені әкесіз балаларды тәрбиелеу қиынға соғады, тіпті оларды барынша қамқорлық пен мейірімге бөлегеннің өзінде. Басты кейіпкер бауырлары мен қарындастары үшін өз жеке өмірін құрбан етті, алайда оның бар күш-жігері бағаланбады, нәтижесінде ол жалғыз қалды.
Тамаша қойылым, тамаша актерлер, спектакль өте ұнады көруді ұсынамыз.
![]() |
![]() |
![]() |
Басқа жаңалықтар

