Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған "Оқу құқығы" семинары
.jpg)
2025 жылғы 14 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында «Инклюзивті орта» ғылыми-тəжірибе орталығы мен «Жаркент» Корпоративтік фондының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Оқу құқығы» тақырыбында ақпараттық семинар болып өтті. Семинардың мақсаты: қатысушыларды Марракеш шартының "Зағип жандар мен көру қабілеті бұзылған немесе қабылдау қабілеті шектеулі адамдардың жарияланған жұмыстарға қол жеткізуін жеңілдету туралы" негізгі ережелерімен таныстыру.
Семинарға мемлекеттік органдар, ҮЕҰ, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан көру қабілеті нашар адамдарға арналған арнайы мекемелердің өкілдері; мүгедектігі бар адамдар, "Тифлопедагогика" мамандығы бойынша ЖОО студенттері, сондай-ақ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының студенттері мен оқытушылары қатысты.
Семинарда Марракеш шарты туралы, Қазақстанда инклюзивті қоғам құру туралы, Тәжікстандағы мүгедек балаларға инклюзивті білім беруді енгізу туралы, Қырғызстандағы инклюзивті кітапханалар туралы, ҚазҰУ-дағы инклюзивті ортаның жай-күйі мен даму перспективалары туралы баяндамалар тыңдалды.
Семинарға қатысушылар Марракеш Келісімінің ережелерін жүзеге асыру, қол жетімді форматтағы кітаптар шығару және т. б. бойынша пікір алмасып, осы өзекті мәселе бойынша тәжірибелерін бөлісті.
Басқа жаңалықтар


