Айгүл ТОҚБЕРГЕНОВА, доцент: Шөлейттенуге қарсы күресте ғылыми-зерттеудің маңызы ерекшеFarabi University

Айгүл ТОҚБЕРГЕНОВА, доцент: Шөлейттенуге қарсы күресте ғылыми-зерттеудің маңызы ерекше

18 ақпан, 2025

Жердің шөлейттенуі – жаһандық мәселе. Қазіргі таң­да Жер шарының 25 пайызы, яғни 3,6 миллиард гектар жері шөл және шөлейт жерлерге тиесілі. Ел аумағының 70 пайызға жуығы су ресурсының жетіспеушілігінен зардап шегеді. ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің мәліметіне сүйенсек, еліміздің үштен екі бөлігі немесе 169,9 миллион гектары (62,2%) шөл мен шөлейт аймаққа жатады. Ғалымдардың айтуынша, соңғы 60-70 жылда шөлейттенуге бейім аумақтың ауданы 10-12 пайызға өскен. 
Әлемді толғандырған мәселеге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ландшафттар дегра­да­циясын геоақпараттық талдау ғылыми зертханасы да өз үлесін қосуда. Зертхананың жұмыс барысымен танысу мақсатында География, жерге орналастыру және ка­дастр кафедрасының меңгерушісі, география ғылымының кан­дидаты, доцент Айгүл Тоқбергеновамен сұхбаттасқан едік.

– Айгүл Әбдіғаппарқызы, өзіңіз жетекшілік ететін зерт­хана қандай мақсатпен құрылды?

– Қазақстандағы шөлейт­те­ну мәселесі – қоғамдағы күр­делі түйткілдің бірі. Оның ма­ңыз­д­ылығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ха­лыққа арнаған жолдаула­рын­да айқын айтылып жүр. Шө­лейт­тену проблемасы еліміздің эко­логиялық жағдайына, жалпы, халықтың әл-ауқатына теріс әсер ететіндіктен, оны шешу ма­ңызды. Мұндай құбылыстың тереңдеуі ауыл шаруашылығы өнімділігіне, қоршаған ортаға зиян келтіріп, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын қиын­да­туы мүмкін. Осыған орай, ғалым ретінде біз осы мәселені зерттеп, оның шешімін ұсыну арқылы өз үлесімізді қосуға бел будық.

Зертхананың басты мақсаты – шөлейттену процесінің се­беп­­терін терең зерттеп, олар­дың экологиялық және эко­но­микалық салдарын талдау. Геоақпараттық технологиялар мен картографиялық әдістерді пайдаланып, шөлейттену про­цесінің кеңістіктік-уақыттық динамикасын нақты анықтау әрі осындай процестердің алдын алу бойынша ғылыми негіз­дел­ген ұсыныстар әзірлеу. Біздің инновациялық зертханамыз бұл мәселелерді шешу үшін тиіс­ті әдістер мен құралдарды пайдалануда.

– Зертхана жұмысының негізгі бағыты туралы айт­са­ңыз.

– Зертхана ландшафттық дег­радация процестерін зерт­тей келе, деградация про­цес­терін бақылау, болжау және та­би­ғи ландшафттарға теріс әсер­дің алдын алу немесе азай­ту бойынша ғылыми не­гіз­делген ұсыныстарды әзірлейді. Жұмыстың негізгі бағыттарына келер болсақ, ландшафттардың деградациясын бақылау; дег­ра­дация себептерін талдау; бүлінген ландшафттардың одан әрі тозуын болдырмау және қал­пына келтіру бойынша ша­ра­ларды әзірлеу; кеңістіктік талдау және модельдеу: дег­ра­дация карталарын, дегра­да­ция­лық процестердің таралу үлгілерін құру және қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын жос­парлау үшін тәуекелді ба­ғалау. Тәуекелді бағалауға құ­нар­лы топырақтың жоғалуы, био­әртүрліліктің өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қа­уіп­тер және т.б. факторларды ескере отырып, ландшафттар мен жердің деградациясына бай­ланысты тәуекелді талдау жұмыстары жатады. Оңтайлы басқару іс-шараларын анық­тау­ға ландшафттар мен жер­лер­дің деградациясының ал­дын алу, оларды қалпына кел­тіру немесе жақсарту бо­йын­ша ең тиімді іс-шараларды анықтау үшін аналитикалық құралдарды пайдалану кіреді.

– Зертхана тарапынан шө­­лейттенуге қарсы қандай жобалар қолға алынды?

– Біз қазіргі таңда «Жасыл даму контексінде Батыс Қа­зақ­стан өңірінің табиғи-ша­руа­шы­лық және әлеуметтік-эко­но­микалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжы­рым­дама, болжамдық бағалау және сценарийлер» мега­жо­басы аясында №6 кіші бағ­дар­лама: тұрақты дамуды қам­та­масыз ету үшін Батыс Қазақстан аймағының ландшафттық-эко­ло­гиялық жай-күйін бағалау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп отырмыз.

Жобаның мақсаты – Батыс Қазақстан өңірінің (Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары) тұрақты да­муын жақсарту және қам­та­масыз ету жөніндегі ланд­шафт­тық-экологиялық жай-күйін ба­ғалау.

Бүгінгі таңда Қазақстанның батыс өңірінің табиғи ортаға ан­тропогендік әсерден туын­да­ған ландшафттық-экология­лық жай-күйінің проблемалары пай­­далы қазбалардың жаңа кен орын­дарын игеру және эконо­миканың өндіруші және өңдеуші салаларын дамыту салдарынан өзекті бола түсуде.

Өндірістің мұнай өндіру және мұнай өңдеу салалары объек­тілерінің әсеріне ұшы­рай­тын Қазақстанның батыс өңі­рінің құрғақ ландшафт­та­рын­дағы деградациялық про­цестердің дамуын болдырмау үшін ландшафттық-эколо­гия­лық бағалау жөніндегі іс-қимыл жүйесін жүзеге асыру қажет. Қазіргі уақытта ландшафттық-экологиялық зерттеулер та­биғи кешендердің құрылымын, функ­ционалдық және құндылық ерекшеліктерін ескеретін а­у­мақ­тың табиғи-экологиялық әлеуетін зерттеудің маңызды әдісі ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар зертханада зерттеу тобы Жерді қашық­тық­тан зондтау орталығымен бір­ле­се отырып, ел аймақтарында ауылшаруашылық жерлерінің деградациясы мен шөлге ай­налу процесін зерттеу бо­йын­ша бірнеше ғылыми жо­ба­лар­мен жұмыс істеп жатыр. Атап айт­сақ, «Климаттық апаттар (құр­ғақ­шылық және эрозия) тәуе­кел­дерін және олардың Қа­зақ­станның батыс өңірінің ауыл шаруашылығына әсерін бағалауға геокеңістіктік көз­қа­рас», «Ауылдық жерлерді тұ­рақ­ты дамытуды қамтамасыз ету үшін Қазақстанның оңтүстік өңір­лерінде шөлейттену про­цес­терінің алдын алуда ТАЖ орнықты басқаруды ғылыми-қолданбалық негіздеу», «Жерді тұрақты пайдалану мақсатында Түркістан облысының суармалы жерлеріндегі деградациялық үрдістерді бағалау», «Қазақ­стан­ның батыс аймағындағы климаттық апаттардың (құрғақ­шы­лық пен эрозия) тәуе­кел­де­рін және олардың ауыл шаруа­шы­лығына әсерін бағалаудың геокеңістіктік тәсілдемесі», «Мал шаруашылығын тұрақты дамыту үшін ЖҚЗ деректері негізінде Орталық Қазақстан жайылымдарының өнімділігін картографиялық модельдеу және болжау» жобаларымен жұмыс істеуде.

– Осындай ауқымды жо­ба­ларға студенттерді тар­та­сыздар ма? Жобаға қатысқан шәкірттеріңіздің қандай же­тіс­тіктері бар?

– Ғылыми жобамызға магис­трант­тар мен докторанттар бел­сенді түрде қатысады. Бұл біздің зерттеу жұмыстарының ауқымын кеңейтіп, сапасын арттыруға ықпал етеді. Қазіргі таңда жобада бес магистрант пен алты докторант жұмыс істеп жатыр. Олардың әрқай­сы­сы өз зерттеу бағыттары бо­йын­ша сапалы үлес қосуда. Мы­салы, магистранттар жердің деградациясын бағалау және топырақтың сапасын жақсарту әдістерін зерттеумен айна­лы­са­ды. Сонымен қатар гео­ақ­па­раттық жүйелер мен қашық­тық­тан зондтау технологияларын қолдану арқылы жер ресурс­та­рын басқару жобаларына қа­ты­сады. Ал докторанттар кли­мат­тың өзгеруі, су ресурстарының тиімділігі және тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту сала­сын­да зерттеулер жүргізумен шұғылданады. Олардың кейбірі халықаралық ғылыми конфе­рен­­цияларда баяндама жасап, зерттеу нәтижелерін жариялап үлгерді.

Біз шәкірттеріміздің осын­дай жетістіктерімен мақтана­мыз және олардың әрі қарай да­муына қолдау көрсетуге да­йын­быз. Бұл жастардың ғылым мен практика арасындағы бай­ла­нысты нығайтуға, сондай-ақ еліміздің ғылымына үлес қо­суына мүмкіндік береді.

– Жоба дайындаушы жас ғалымдардың ынтасы мен білімін арттыру мақсатында қандай көмек көрсетіледі?

– Жас ғалымдардың ынтасы мен білімін арттыру мақса­тын­да, ғылыми жобалар шең­бе­рінде олар Испания, Германия және АҚШ-та ғылыми тағы­лым­да­мадан өтіп келіп жатыр. Мұн­дай тағылымдама жас зерт­теу­шілердің тәжірибесін кеңейтіп, олардың халықаралық дең­гей­де біліктілігін арттыруға мүм­кін­дік береді.

– Ғылыми жоба аясында шетелдік ғалымдармен тә­жі­ри­бе алмасу жүргізіле ме? Олар­мен байланыс орнату қаншалықты маңызды?

– Ғылыми жобалар аясында шетелдік ғалымдармен тәжі­ри­бе алмасу қазіргі ғылыми қа­уым­дастықта аса маңызды. Бұл, ең алдымен, жаһандық зерт­теу тәжірибесін меңгеруге, жаңа идеялар мен инно­ва­ция­лық әдістерді игеруге тап­тыр­мас мүмкіндік береді. Шетелдік ғалымдармен байланыс орнату ғылыми зерттеулердің сапасын арттырып, олардың халық­ара­лық деңгейде мойындалуына ықпал етеді. Бұдан бөлек, шет­елдік ғалымдармен тәжірибе алмасу – ғалымдардың кәсіби құзыреттілігін арттырудың ма­ңыз­ды аспектісі. Біздің ғылыми жоба аясында шетелдік ға­лым­дармен тығыз байланыс ор­на­тылған, тәжірибе алмасу жұ­мыс­тары жүргізіледі. Мәселен, біз Халықаралық күріш ғылыми-зерттеу институтының аға ғы­лыми қызметкері, PhD Әлішер Мырзабаев, БҰҰ универси­те­ті­нің Су ресурстары, қоршаған орта және денсаулық институты (UNU-INWEH) директорының орынбасары, профессор Ман­зур Қадыр және Мартин Лютер университеті География және жер туралы ғылымдар инс­ти­тутының докторы Герд Шмидт сияқты танымал ғалымдармен серіктестік орнатып, олардың зерттеу нәтижелері мен әдісте­ме­лерін біздің жобаларымызда қолдану мүмкіндіктерін талқы­лау­дамыз.

– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан

Гүлзат

НҰРМОЛДАҚЫЗЫ