Стоматологиядағы революция: біздің түлегіміз инновацияның алдыңғы қатарында
18 ақпан, 2025

Механика-математика факультетінің «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығы бойынша түлегіміз Асылзат Исатаева AIDENTIS стартапын құрып, стоматологиялық ауруларды диагностикалау үшін жасанды интеллектті қолдануда үлкен жетістікке жетті.
AIDENTIS — стоматологтарға диагностика дәлдігін арттыруға және емдеуді оңтайландыруға көмектесетін инновациялық платформа. Стартап 500 мың доллар инвестиция тартып, болашағы зор әрі сұранысқа ие жоба екенін дәлелдеді.
Асылзаттың жетістігі кафедрамызда алынған білімнің жоғары технологиялар саласындағы нақты мәселелерді шешуде қолданылатынын көрсетеді.
МКМ кафедрасының маманы
Басқа жаңалықтар

1 сәуір, 2025

31 наурыз, 2025