Көшбасшылық дәріс: "Ғалым болғым келеді"

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің 40 жылдығына орай «40 іс-шара» аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ ұйымдастыруымен «Ғалым болғым келеді» атты іс-шара өтті. Кешіміздің қонақтары қос ғалымды шақырдық бірі Бисариева Шарипа Сапарбековна биология ғылымдарының кандидаты, қазіргі танда экология саласында жұмыс жасайды. Және де Орда Гүлжахан Жұмабердіқызы филология ғылымдарының докторы, доцент, қауымдастырылған профессор.
Тыңдаушылармен өте керемет сұхбат болды. Тыңдаушылар өздерінің көптеген сұрақтарына жауап алып өте қызықты кездесу болды. Кездесу соңында қос ғалымды гүл шоқтарымен маратпаттап кешіміз мәресіне жетті.
Тыңдаушылармен қос ғалым қимастықпен қоштасып, біздің тыңдаушыларға болашақта еліміздің ЖОО-на мүдірмей, қиыншылық көрмей белгілі бір маман иесі болып елімізде азамат болып қалыптасуына, Қазақстанның дамуына үлес қосатын үлкен маман иесі болуына ізгі-ниет тілектерін білдірді.
Басқа жаңалықтар


